17.11.2023 жылы мектеп оқушылары мен педагогтары "Асық ату" Республикалық челленджіне қатысты.Челленджді өткізудің мақсаты білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау.
15-қараша-Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні. Оқушыларда патриоттық сезімді, өз еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ұлттық валюта – теңгенің пайда болуы туралы хабардар ету мақсатында "Антоновка орта мектебі" КММ, 2-4 сыныптардың сынып жетекшілері сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар үшін бейнеролик ұйымдастырылды, Қазақстан валютасы туралы білуге арналған ойындар мен викторина өткізілді.
🇰🇿Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған I Республикалық олимпиадасын өткізу туралы айтып берді
3 қарашада футзалдан ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңі өтті. Антоновка орта мектебінің қыздары жеңіске жетіп, чемпион атанды. Команда мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз! Осылай жалғастыра беріңіздер!
26 қазан күні 5-11 сынып оқушыларымен полиция майоры А.Б.Сүлейменов және округтің учаскелік инспекторы А.Н.Ашкеев жасөспірімдерге арналған өзекті тақырыптар бойынша әңгіме өткізді.