Тәрбие жұмысының жоспарын орындау аясында 5-6 сыныптардағы «Оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету, кибербуллингтың алдын алу» тақырыбындағы аудиториялық сағаттар тексерілді
25 қаңтар, аудан орталығы, Саумалкөлде «Солтүстік-2024» қысқы көпсайыс спорттық шарасы бойынша ауылдық округтер арасында аудандық жарыс өтті. Әріптестеріміз бен оқушыларымыз қатысып, аудан чемпиондары атанды.
2024 жылдың қаңтар айындағы қысқы каникул кезеңінде дене шынықтыру мұғалімдері Қ. Т.Қоянбаев пен С. Н. Пшеничников "ұлттық Мектеп лигасы" жобасы негізінде "Ұлттық лига-ұлт қазынасы" атты спорттық ойындарын өткізді. Ойындарға 6-8 сыныптардан 20 оқушы қатысты.
#Біртұтас_тәрбие Қысқы демалыс кезіндегі жұмыс жоспары аясында «Заманауи бұқаралық мәдениет дәстүрлі мәдениет мұрасын жоюда» дебат ойыны өткізілді. Бұл ойынның мақсаты: мінез-құлық мәдениеті, қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, зорлық-зомбылық, балалар арасындағы бұзақылық туралы айту. Ойынға қатысушылар пікірсайыс клубының мүшелері болды.