Мереке қарсаңында Антоновка орта мектебі КММ Наурыз мейрамына арналған сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының негізгі идеясы – оқушылардың Наурыз мейрамы туралы түсінігін ашып, Наурыз мейрамының неліктен 22 наурызда тойланатыны, бұл күннің мәні туралы жаңа мәліметтермен білімдерін толықтыру. Туған елдің мерекелері мен салт-дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын, құрметтерін арттыру. Сынып сағаттарында оқушылар тақпақ айтты, «Наурыз» сөзіне ассоциативтік сөздер қатарын құрастырды. Мерекенің тарихы туралы презентациялар тамашалады. Топтық жұмыс, викториналар, ойындар ойнатылды.