Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы хабарлайды. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында «SKO URPAQ/поколение» телеграмм-ботын әзірледі. Телеграмм-бот балаларға қатыгездік, буллинг, құқық бұзушылық фактілерін уақтылы анықтау және алдын алу, сондай-ақ консультативтік және психологиялық көмек көрсету мақсатында мектептердің, колледждердің оқушыларына, ата-аналар мен педагогтарға арналған. Хабарламалар мәтіндік хабарламаның бағытымен немесе фото-бейнематериалдардың бағытымен жеке де, анонимді түрде да қарастырылады. Ботқа сілтеме: https: //t.me/skourpaq_bot.