28 қараша «Антоновка орта мектебі» КММ мемлекеттік тілде оқитын бастауыш сыныптарда Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген-елі сүйген Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты:
І.Елбасы жайында кеңірек мағлұмат беру, Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына оқушылармен қоса ата-аналар және мұғалімдер қатысты.Сабақта интербелсенді тақта,мультимедиялық презентация, буклеттер пайдаланылды.Бұл тәрбие сағатының ерекшелігі: оқушылар өздері жүргізуші рөлін атқарып,соңына дейін сабақты өздері өткізді. Оқушылар Елбасы,Мемлекеттік рәміздер жайлы білгендерін ортаға салды.( Елбасы өмірбаяны,еңбек жолы,отбасы,рәміздер туралы). Тақырыпқа байланысты өлеңдер оқылып,әндер орындалды,би биленді.Және де рәміздер туралы викториналық сұрақтар қойылып,соларға жауап алынды. «Елтаңба», «Байрақ», «Әнұран» сөздерінен басқа сөздер құрастыру ойыны ойналды. Тәрбие сағаты өте әсерлі,қызықты өтті.Балалар алдарына қойған мақсаттарына жете білді.